Рамазан мүбәрак болғай!

Асақамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әуелі барша мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айы баршамызға құтты болсын!

Айлардың сұлтаны болған Рамазан  – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген сыйы, әрі нығметі. Бұлайда күнәларымыздан арылып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартып, Алланың разылығын алуға мол мүмкіндік бар. Құран Кәрімде айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кезкелген қайырлы амалдың сауабын санау мүмкін емес.

ЕСКЕРТУ:

Биыл 2016 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы 6-шы маусым күні басталады.

Шілденің 1-нен 2-неқарағантүн «ЛәйләтулҚадр», яғни қасиетті Қадір түні.

Сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.

Тарауих намазы Құптан намазынан кейін оқылады, ал Үтір намазы ең соңынан (мешітте болса) жамағатпен оқылады.

• 5-шілде (сейсенбі) күні Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Атырау уақыты бойынша таңертең сағат 7:00-де оқылады.

 

Оразаны мынадай нәрселер бұзады:

Таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта жеу, ішу, жыныстық қатынаста болу (ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды).

Дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау және темекі тарту.

Әдейі құсу әрі ауыз толы құсықты жұту. Ал, ұмытып ішіп-жеу, қан алдыру, ауыз, мұрынды шаю, шомылу, төбеден су құйынып жуыну, бой дәретсіз таң аттыру, еріксіз құсу, көзге сүрме жағу, еріксіз тамағына түтін, тозаң, шыбын кіру, түкірік жұту, тістің арасындағы бұршақтан кішкене нәрсені жұту – бұл нәрселер оразаны бұзбайды.

  

Ауыз бекітерде оқылатын дұға:

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Аллаһу акбар!»

Мағынасы: «Таңертеңнен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Алла ұлық!»

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәманту уә’аләйкә тәуәккәлту уә’ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».

Мағынасы: «Уа, Алла! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман келтіріп, саған тәуекел еттім. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешіре гөр».

Ораза – Алла Тағала мен пенде арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Хадис-құдсида Алла Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен (әтірден) де артық», – дейді. Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ораза нағыз, шынайы тақуалық пен сабырлыққа жетелейді. Құранда Алла Тағала: «Уа, иманкелтіргендер! Күнәлардансақтанып, тақуалыққажетулеріңүшінбұрынғыларғапарызетілгендей, сендергедеоразапарызетілді»Бақара» сүресі, 183-аят), – деп бұйырған. Аталған аяттың мұраты да мұсылманды рухани кемелдендіріп, тақуалық дәрежеге жеткізу. Ал, тақуалық нәпсіні тәрбиелеумен жүзеге асады. Нәпсі дегенің – бойдағы алып ұшқан құмарлық сезім. Адам сол бойындағы құмарлық сезімін тізгіндеу арқылы айналасына мейірімді, кешірімшіл бола бастайды.

Аяттан түсінгеніміздей, Аллаға сеніп, бойұсынған әрбір мұсылман ораза тұтуы міндет. Яғни, ертең қиямет күні бұл парыздың да өзіндік сұрауы бар. Осындай сұрақтарға қазірден дайындалған абзал.

Оразаны кейбір адамдар денсаулықтың жақсаруы, жұмыстың алға басуы, мал-мүліктің көбеюі сынды дүниелік мақсаттар үшін ұстайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Расындаәрадамғаөзініңниететкеннәрсесітиесіліболады», – деген. Бұл хадистен түсінгеніміздей, әр адам өзінің ниет еткеніне қол жеткізеді.

Биылғы ораза жаздың ыстық күндеріне тұспа-тұс келіп отыр. Әрине, күннің ыстығы немесе басқа да себептер ауыз бекітуге кедергі бола алмайды. Себебі, иманның бал дәмін татқан жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ.

Рамазан – қадір-қасиетке толы ай. Тіпті, ораза ұстаушының жасаған дұғасы да қабыл. Көзді ашып-жұмғанша лезде өтіп кететін ораза күндерімізді сауапты, әрі игі істермен өткізуге тырысайық.

 

Қазақстан  мұсылмандары діни  басқармасының қасиетті  Рамазан  айына байланысты  халыққа үндеуі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті отандастар, бауырлар! Баршаңызды күллі мұсылман баласы сағына күткен, берекелі, қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Рамазан мүбәрак болғай!

Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Ораза – тәрбие, сабыр, қайырымдылық, ізгілік мектебі.

Рамазан – қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді.

Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған үйлерді жөндеуге қол ұшын беруге, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын.

Зекет беру – жағдайы келген (шариғат бойынша нисап мөлшеріне жеткен) мұсылманға парыз. Ал, зекет берекелі Рамазан айында берілсе, оның да сауабы еселеніп жазылады.

Қасиетті айдың құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін.

Сонымен қатар, көпшілік жұртқа оразаның әр күнінде бір жақсылық жасауды жоспарлап, осынау сауапты амалдарды ықыласпен орындауға, Алланың әрдайым бізге үздіксіз нәсіп ететін нығметтерінен садақа беруге шақырамын. Ізгі амалдар Рамазаннан кейінгі айларда да жалғасын тапса игі.

Рамазан – бірлік айы. Осы айда берілетін ауызашарлар ағайын-жұрттың арасын жақындастырып, игі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар халқымызды сенімі мен нәсіліне қарамай, ортақ мақсатқа үндейді. Бүкіл әлемнің Жаратушысы барша адамға: «Бөлінбеңдер», – деп бауырмал болуға бұйырған. Бірлігі күшті елдің берекесі артады. Бірлігімізге бекем болайық!

Қадірлі жамағат! Сауабы еселеніп жазылатын қасиетті айда жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл еткей! Әумин!

 

Батыржан МАНСҰРОВ,

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі,  «Иманғали» орталық мешітінің

Бас имамы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*