РАМАЗАН АЙЫНЫҢ МӘНІ ЕРЕКШЕ

Шара барысында Рамазан айының ерекшелігі мен мән-маңызы жайлы толық мағлұмат берген Бас имам ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, дін тақырыбында қалам тербеп жүрген бір топ журналистерді де құттықтады.

«Жалпы, бүгінгі таңда БАҚ-на артылар жүк ауыр. Төртінші билік саналатын сала қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі орасан. Ал, дін  – өте ауқымды тақырыптың бірі. Сондықтан, дін, иман тақырыптарында жазып жүрген журналистерге де үлкен жауапкершілік жүктеледі» дей келе, облыс баспасөз құралдарының өкілдеріне арнайы Құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Марапатқа ие болған бір топ журналистер қатарында «Атырау» газетінің бөлім меңгерушілері Баян Жанұзақова мен Гүлжан Әмірова да бар.

Өз тілшіміз.
Суретті түсірген
Ә.Әбілғазиев.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*