Рахымжан Отарбаевтың пьесалары сахналануда

Махамбет атындағы облыстық драма театрда қойылған «Аяулым Анфиса» комедиясын Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған қала тұрғындары ықыласпен тамашалады.

%d1%80%d0%b0%d1%85%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0

Көрермендер арасында, әсіресе жастардың қарасының көптігі көңілге қуаныш ұялатты. Оңтүстік Қазақстан облысының өзбек театры сахналаған комедияда Кеңес одағының дәуірі мен ондағы тұрғындардың сезімнің жетегіне еруі көрініс табады. Көпшілік cолақай саясаттың сергелдеңін де осы спекакльден көре алды. Оқиға желісі Кеңес одағы кезеңінде қолынан балы тамған шебер Едірей Матовичтің өмір жолымен өрбиді. Алайда, ол тапқан напақасын ащы суға жұмсайтын адам болады. Ақыр соңында бөтелкесiн құшақтаған күйi өлiп кеткен Едiрей Матовичке «ауылға айрықша еңбек сiңiргенi үшiн» көше атын береді. Жергілікті телеарна оны бұқараға жариялап, жиында обком хатшысы маскүнемнің жақсылығын асырып ағыл-тегiл сөз сөйлейдi. Ең сұмдығы әлгi маскүнем шеберді ауылда ешкiмi жоқ, өлсем кемпiрiмнiң жанында жатамын деп өзіне қазып қойған Әбутәлiп есімді әпендінің көріне жерлейдi. Ащы әжуа арқылы салмақты ой тастайтын «Аяулым Анфиса» қойылымын көре отырып, халқымыздың күллi этномәдениетiнен жұрдай бола жаздаған сол бiр алмағайып кезеңге саяхат жасағандай боласың.

Қойылымның авторы Рахымжан Отарбаев: «Пьеса 1989 жылы жазылып, 1991 жылы алғаш рет сахналанған болатын. Сол жылдары мұндай пьесаны жарыққа шығару ессіз адамның ісі немесе үкіметке қарсы шығу болып саналатын еді», – дейді.

Айта кетелік, спектакльдер жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналған Халықаралық театрлар фестиваль аясында тегін сахналануда. Бүгін, 29 қараша, 19.00-де Махамбет атындағы драма театрда Қырғыз Республикасының Шүй облыстық драма театры «Аяқталмаған хикая» мұңды драмасын ұсынады.

Нұрбейбіт Нұғыманов

ATPress.kz сайтынан

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*