Әр жұмада нан тегін таратылады

Нан – тоқшылық бел­гісі. «Нан болса, ән де болады» деген сөз кешегі Кеңес заманынан қалса да ас атасы мол бол­ған сайын елдің берекесі тасып, ырысы молаятыны белгілі.

31292655-646868012372430-6954309651426564339-n

Ауданымыздағы Мақаш ауылдық округінің бір топ жеке кәсіпкерлері әлеуметтік көмекке зәру, қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қасиетті әр жұма сайын тегін нан тарату ісін қолға алды.  Кімнің де болса жүрегіне жылылық ұялатар қайырымды шараны ұйымдастырушы Семен Жалғас деген ізгі пейілді азамат. Иә, имандылық ұстанымын арқау етіп,  қоршаған қоғамның жанашыр көзқарасын күтетін адамдарға көмек қолын созуға ниет бұрған қолы ашық, жомарт жанның шаруасы – көпке үлгі. Жарасымды бастамаға істері ілгері басқан Есболат Құбашев, Өмірбек Ахметов, Мөлдір Қажыбаева, Нұрсұлу Арыстанғалиева сынды кең пейілді кәсіпкерлер ықыласпен қолдау білдірді. Бұл әрине олардың байлықтарының тасығанынан емес, айлығы шайлығына жетпей отырған ауыл тұрғындарына көмек көрсеткендерінің белгісі деп түсінген абзал. «Жантөре» дүкенінен бастау алған ізгі шараны енді әр жұма сайын қалған сауда нүктелері өз кезегінде  асыға күтуде. Қайырымдылық шарасында ақысыз нан алуға келгендердің қатары көбейді. Дүкенге бас сұққан тұрғындар ыстық нанды құшақтарына қысып, үйлеріне әкетіп жатты. Олар неше бөлкесін аламыз десе де өз еріктерінде, өйткені оған шектеу қойылмаған.

Әр жұмада – тегін нан-1

Иә, бұл қалай болғанда да бас бармақпен бағалайтын игі бастама екені сөзсіз. Бірнеше отбасының алғысын алып жатқан ауыл кәсіпкерлеріне біз де ризашылығымызды білдіреміз. Енді басқа округтің шағын және орта бизнес иелері мақаштықтардан үлгі алып, мәрттік танытып, сауапты істі жалғастырады деген ойдамыз.

А.Шакупова.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*