ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнамасын жария етті

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Саясат

Аtr.kz/12 мамыр, 2019 жыл.ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жария етті.

Тұғырнама «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.   Аталмыш құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған.  Тұғырнама Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады. Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған. Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *