Нұрлан Ноғаев ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтың анасына мемлекеттік награданы табыс етті (+ФОТО)

16 Жаңалықтар

Аtr.kz/7 мамыр, 2019 жыл. Ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтың отбасына Президент Жарлығымен III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев полицейдің анасы Ләззат Мәженқызына мемлекеттік награданы табыс етті. Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген шарада аймақ басшысы облыс полицейлерін айтулы мерекемен құттықтады.


− Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүктеген тапсырмаларын атыраулық тәртіп сақшылары абыроймен атқарып келеді. Әскери және қызметтік борышын атқару кезінде ерлік мен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген Отан қорғаушылар қандай мадаққа лайық, – деді ол.

Сондай-ақ, шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов сөз алып, құттықтау лебізін білдірді. 
Мерекеге орай Қазақстан Республикасы Президентінің наградалары мен облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Бұдан соң шара департаменттегі мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына ұласты.

Оған қылмыспен күресте, азаматтардың өмірін қорғау жолында жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен үш полиция қызметкерінің есімі жазылып, фотосуреті қашалған.  Атап айтсақ, олар – 1993 жылы қылмыскерлерді құрықтау барысында  қаза тапқан жедел уәкіл, полиция аға лейтенанты Асқар Бисекенов, 2009 жылы қызмет кезінде мас жүргізуші автокөлікпен қағып, оқиға орнында мерт болған  Нұрберген Өтемісов және биыл наурыз айында көпірден секірген азаматшаны судан құтқару кезінде көз жұмған Шалқар Ақымғалиев.
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Асқар Бисекеновтың анасы Сара Мұсағалиева ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, ерлікті ұлықтаған жандарға алғысын жеткізді.
Батырлардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ашық аспанға үш мәрте оқ атылды. Сап түзеген ішкі істер органдарының қызметкерлері мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Жалпы, Атырау полициясының тарихында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, азаматтардың өмірін қорғауға атсалысқан алты қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен, төрт қызметкер «Айбын» орденімен марапатталған.

Айбөпе САБЫРОВА

26
25
1
17
18
12
14
15
22
21 1
2


9
3
4
5
6
7
19
20
21
23
24
27
28
29

Фото – Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз