Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Қаражат құюдың тиімді тәсілі

image 260703 Қоғам

Бүгінде облыс бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) негізінде 39,3 миллиард теңгенің сегіз жобасы жүзеге асырылуда. Ал, өткен жылы 3,3 млрд. теңгеге екі жоба іске қосылған болатын. 

image-260703-800x480

Мақсат – мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен әлеуметтік инфрақұрылым жүйесі мен басқа да маңызды нысандарды пайдалануға беру. Егер ескірген нысандар болса, қайта жаңартып, қажетінше қаржы құю. Бастысы, мемлекет жауапкершілігіндегі әлеуметтік маңызды сұраныстарды қанағаттандыру. Сонымен, мемлекет пен бизнестің арасына алтын көпір орнатуды көздейтін әріптестіктің бүгінгі ахуалы қандай?

Биыл МЖӘ аясында келісім-шарт жасалған жоба –  2

  1. Көше жарығы шамдарының құрылысы
  2. Сандық рентгенографиялық жүйе арқылы өкпе ауруын ерте анықтау кешенін салу

            Жалпы сомасы –6,2 млрд. теңге

Байқау жарияланған жоба – 2

  1. Өркен ықшамауданындағыкелушіге арналған емхана
  1. Ақсай селосындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория

Қосымша жүзеге асырылатын жоба – 10

Жалпы сомасы – 1,7 млрд. теңге 

Жаңа жобалар:

  1. Көше жарықтарын жаңартып, диодтық шамдарға алмастыру. Құны – 5,1 млрд. теңге. Қаладағы 39 көшені модернизациялау көзделген. Мердігер мекеме – «Батыс Транзит» ЖШС.
  1. Орта мектептер жанындағы асханаларға жапсаржай салу мен 12 жаңғырту жобасы мақұлданды. Олар:

– Құрманғазы селосындағы Бегалиев және Абай мектептері;

– Миялы, Жаңашаруа, Қаракөл, Еркінов, Мұқыр, Қарабаудағы мектептер;

– Алмалы, Бейбарыс, Махамбет, Ортақшыл мектептері. Жалпы құны – 35 млн. теңге, инвесторлар анықталды. (Облыстағы барлық мектептерде ыстық тамақ беріледі. Бір балаға орта есеппен 200 теңге бөлінген. Ал, 2017-2018 оқу жылдарының жалпы бюджеті – 2,2 млрд. теңге)

  1. Мектептердегі футбол алаңдарын жаңғырту. Облыста осындай – 25 жоба қаралған. Оның 14-і – Атырау қаласында, бесеуі – Құрманғазы ауданында, екеуі – Исатайда және төртеуі Қызылқоғада. Енді инвесторлар іздестірілуде.
  1. Дәрігерлік амбулаторияларды қайта жабдықтау бойынша Ақсай селосында 25 келушіні қабылдайтын амбулатория құрылысына байқау жарияланды. Жоба құны – 168,3 млн. теңге. Тағы бес жоба жасақталу үстінде, құны – 1,2 млрд. теңге. Олар – Самал, Атырау, Толқын, Жұлдыз, Химпоселок ықшамаудандарында орналасқан.

Амандық Абдол

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз