Марқұм ата-анасынан ипотека мұраға қалған кәмелетке толмаған балалардың қарызы кешірілуі мүмкін

11 Қоғам

Қазақстанда кей категориядағы азаматтардың ипотекалық қарызы кешірілуі мүмкін. «Бұл туралы Алматыда өткен Ұлттық банк жанындағы жұмысшы топтың отырысында мәлім болды» деп хабарлайды Sputnik сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ипотекалық қарызы бар 1 және 2 топтағы мүгедектердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен қайтыс болған ата-анасынан ипотека мұраға қалған кәмелетке толмаған балалардың қордаланған қарыздары кешірілуі мүмкін. Бұл бастаманы қоғамдық ұйымдар өкілдері бірнеше мәрте көтерген еді.

ипотека

Ұлттық банк жанынан құрылған жұмысшы тобының мүшесі Шолпан Ризабекованың айтуынша, аталған санаттағы борышкерлердің қарызын кешіруге екінші деңгейлі банктер мен бас қаржы реттеуші келіскен.

Ұлттық банк бұл мәселеге қатысты алдағы күндері нақты жауап беретінін мәлімдеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз