ЕТТІ КӨП МӨЛШЕРДЕ ЖЕУ TЕМЕКІ ШЕККЕНМЕН БІРДЕЙ ЗИЯНДЫ

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары  етті көп мөлшерде жеу адам ағзасына шылым тартқанмен бірдей зиянды деген мәлімдеме жасады. Олар бұл тұжырымдамасын Cell Metabolism журналында жарияланған, деп хабарлайды  Day.Az.

Ғалымдардың пайымынша, жануарлар ақуыздарын пайдалану адам ағзасында IGF-1 гормонының өсуіне әкеліп соғады. Балалар үшін бұл гормонның көп болуы маңызды. Ал, ересек адамдарға оның мөлшерден тыс болуы обыр мен түрлі  ауруларды тудыруы әбден мүмкін. Атап айтқанда, жасы 50-ден асқан алты  мың адамға жүргізген зерттеу кезінде ғалымдар жануарлар ақуызын көп пайдаланған адамдардың етті аз жейтін адамдарға қарағанда  обырға шалдығу мүмкіндігі төрт есеге көп екенін дәлелдеген.  Ал, IGF-1 гормонының аз мөлшері жасушаны ДНҚ-ның зақымдануынан сақтайды.

Бұған қоса, ғалымдар өсімдік ақуызын көп пайдаланудың түбі жақсылыққа әкелмейді деп отыр. Мәселен, 64 жастан бастап адам ағзасындағы IGF-1 гормоны азайып, нәтижесінде салмақ азаюы мен сүйектің морттығы артады. Сондықтан, мұндай адамдарға ақуызды пайдалануға тыйым салынады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз