Өткен жылы Атырауда мүмкіндігі шектеулі 889 адам түрлі жұмыспен қамтылды

11 Қоғам

        Atr. kz / 12 – ақпан.   Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай туғызу – мемлекет саясатының басты ұстанымдарының бірі. Мүгедек азаматтар аудиториясымен он жеті жылдан бері жұмыс жасап келемін.

         Осы кезеңде біздің аудитория өздерінің мүмкіндігі шексіз екендігін көрсетті. Қазіргі таңда қоғамдық ұйымға мүше екі азамат қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілді. Оларға жалақы мемлекет есебінен төленіп отыр. Төрт азамат ТШО компаниясымен арада бірлескен әлеуметтік жоба аясында жұмыспен қамтылды.

IMG 20190212 WA0022
Күлбаршын Нұржігітова, «Мүгедек әлемі» қоғамдық ұйымының төрайымы

         Өткен жылы қоғамдық ұйым тарапынан Әлеуметтік кәсіпкерлік орталығы ашылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолөнер бұйымдарын жасауға үйретеміз. Осындай жобаларымыз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамға әлеуметтенуіне ықпал етуде.

         Ресми деректерге мәліметтерде өткен жылы Атырауда мүмкіндігі шектеулі 889 адам түрлі жұмыспен қамтылғандығы айтылады.    Сондай ақ, үйде тәрбиеленетін және оқитын 409 мүгедек балаға 16,8 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленген. Бұл жай ғана цифрлар емес, әр көрсеткіштің артында адамның тағдыры жатыр.

         Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА,

          «Мүгедек әлемі» қоғамдық ұйымының төрайымы.

         Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін:

         – 2018 жылы барлығы 233,7 мың теңгеге 2361 жолдама алынып, игерілді;

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз