Тілсіз жау тағы бір шаңырақты ортасына түсірді

20190207100629 Жаңалықтар

«Павлодар облысында екі бала ата-анасымен бірге ысты газдан уланып көз жұмды», – деп хабарлайды  ҚазАқпарат.  

20190207100629

– Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам – ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының бірі Бекбатыровтардың үйіне барғанда есік ішінен жабық тұрған. Оны бұзып кірген ер адам отбасы мүшелерін тіршілік белгілерінсіз жатқан күйінде тапқан.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көз жұмған отбасының туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз