«Бір қозы туса, бір топ жусан артық шығады»

9de945394bfa52e1e8942a538126d1ec slider Қоғам

 Atr. kz / 12 – ақпан.  Біздің қазақ отбасы ықылым заманнан бала санын шектеп көрмеген. Талай батырлар мен ақындарды, ғалымдар мен дүлдүл әншілерді өмірге әкелген аталарымыз бен әжелеріміз бар болашағын баламен байланыстырып, солармен ғана өмір сәнді деп түсінген. Бұл пікірге ешкімнің дауы да бола қоймас, әрине.

9de945394bfa52e1e8942a538126d1ec slider

Менің өз ата-анам да, келген жерімдегі үлкендер де – бәрі де мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонып жүрді. Олардың бастарында, шыны керек, басыбайлы баспанасы да болмады. Ал, қазіргі заман басқаша, экономикамыз қарыштай даму үстінде. Мәселен, мен де жесір қалып, алты бірдей ұл-қызымды тәрбиелеп отырмын. Шүкір, Үкімет далада қалдырмай, Жаңа Қаратон кентінен екі отбасына арналған коттедж үй тарту етті. Кең де жарық, жып-жылы үйде ештеңеден  тарықпай, жайлы өмір сүріп жатырмын. Әкелерінің өмірден ерте озғаны болмаса, тіршілігімізді жасап, өсіп-өнудеміз. Қыздарым тұрмыста, бас көтерген ұлым үйленді. Өмір заңына сәйкес, келін, ана, ене, әже боп жатырмын. Не дейін, осы тағдырыма ризамын.

Жеміс ЖАРЫЛҒАСҚЫЗЫ,

«Күміс алқалы» ана, Жаңа Қаратон кенті, Жылыой ауданы.

  Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 2035 отбасындағы 10949 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 516,8 млн. теңгені құрады.

  Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында облыс бойынша 797 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 32,9 млн. теңгені құрады.      

   Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 6270 қызметкеріне 31,3 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

  Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтар санатына жататын 2221 отбасына жалпы сомасы 133,9 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз