БАЯНДЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

Еліміздің тәуелсіздік алғанына жақында 24 жыл толады. Бұл жылдарды ұлы бастамалардың, ұтымды шешімдердің, ерен еңбек пен табыстардың кезеңі тұрғысында халқымыздың тарихында қалатындығымен ерекшеленеді деп білеміз. Осы уақыт өлшемінде әртүрлі дағдарыстардан мемлекетіміз қиналмай өтіп келеді деуге болады. Қазіргі таңда еліміз, дербес мемлекет ретінде, жан-жақты және үйлесімді даму үстінде. Біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылуда. Сондықтан да, осы аралықтағы еліміздің өркендеуінің әртүрлі салаларында қол жеткен жетістіктерін Елбасының сындарлы саясатымен байланыстыру керек. 

 

Кез келген мемлекет өзінің қалыптасуында стратегиялық міндеттері мен тактикасын тарихи жағдайларға байланысты жүйелі түрде айқындап алатындығы күмән тудырмайды. Мемлекеттің қа­лыптасуы мен дамуы жолында қолға алынатын стратегия қоғамның перспективалы бола­шағына байланысты болуымен де ерекшеленеді. Әрбір мемлекет өз алдына көздеген жаңа тактикалық мақсаттарды іске асыру шараларын белгілей отырып, сол бағытта іргелі істер атқарады. Осы орайда Елбасының таңдауы мен ұстанымы халқымыздың болашағын тереңнен танудың жолы екендігіне көзіміз жете түсуде. Ал болашақ алыстағы абс­трактілі көкжиек емес, нақты бүгіннен басталып, өткеннен үлгі алу ретінде анықталады.

Елімізде ХХІ ғасырдың ал­ғашқы жылдарынан басталған әлемдегі қаржы дағдарысының, яғни құлдырау мен рецессияның ұлттық экономикаға тигізер ықпалын залалсыздандыру қолға алынуда. Сонымен қатар, экономикамызды көтеру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әлемдік қаржы дағдарысының алғашқы жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі аралықта экономиканың өсу қарқынының көрсеткіші бо­йынша күрт өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Тіптен, бұл еліміздің экономикалық жаңа қарқынды даму құбылысы ұзақ мерзімді және бұрынғы жағдайлар қайтып келместей өзгергендігін негіздейді. Осы орайда, Елбасымыздың Қазақстанның 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегия­сы жүйелі әрі кезең-кезеңімен терең ойластырылғандығының арқасында өз жемісін беруде деп айта аламыз. Ал 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарына үміт зор.

Қазіргі таңда еліміз жер бе­тін­дегі мұнай мен газ, металл мен жо­ғары сапалы бидай өндіруші мемлекеттердің қатарында екендігі баршаға аян. Ал экономикамыз мықты болу үшін біздің елімізде неғұрлым көп және алуан түрлі тауарлар өндірілуі керек. Демек, елімізде индустрияландыру мен инновациялық өндіріс құруды қолға алуымыз, түсініктірек тілмен айтсақ, шикізат емес, дайын бұйым шығаратын кәсіпорындарды қалыптастырудың оң қадамы ретінде бағалауға болады.

Бұл ретте, Елбасы Н.Ә.Назарбаев­­тың бастамасы­мен қазіргі жағ­дайда және бола­шақта бо­латын құбылыстарға сәй­кес келетін іс-шаралар жүйе­сін құрастыру мен дағдарыс салдарынан болатын жағымсыз құ­бы­лыстарға қарсы тұра алатын жоспарлар ұйымдастырылып отыр. Оған дәлел – елімізде даму­дың үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық мемлекеттік бағдар­ла­масының жүзеге асырылып жатуы. Мұндағы негізгі мақсат – қазақстандықтардың әлеумет­тік-тұрмыстық жағ­дайын қалып­тастыру, отан­дастарымыздың тұр­мыс-тіршілігін, өмірі мен денсау­лығын бүгінгіден де жақсарта түсу. Осыған байланысты ел экономикасын дамытуда отандық кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бағдарламасы іске қосылды.

Аталған бағдарламада болашақ өзін-өзі қамтамасыз етушілер тобына жататындар есебінен отандастарымызды нақты өскелең, өміршең экономикамен айналасуға бейімдеу бастамасының қолға алынуы және еліміздің жарқын болашағын жа­сау­дың, т.б. тетіктерінің қарас­ты­рыл­ғанын атап өтуіміз керек. Бағ­дарлама аясындағы іс-әрекет­тердің арқасында Қазақстан өркен­деп, экономикамыз көтері­ліп, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін­дегі түйткіл мәселелерді шешудің жол­дары табылады. Яғни, бағдар­ламадағы шараларды іске асыру негізінде еліміз әлемдік кеңістікте қазақтардың тәуелсіз мемлекеті ретінде ғана емес, орасан даму қабілеті бар еңселі ел ретінде қалыптасатындығына сенеміз.

Бүгінгі таңда елімізде эконо­ми­каны, халық тұрмысын көте­ру­мен қатар, ғылым мен білімді ха­лық­аралық деңгейге жеткізу бағытында ауқымды іс-әрекеттер атқарылуда. Бұл жолда экономиканың дамуын адамзаттың тұрмыс-тіршілігімен үйлесімділікті орнықтыруда жаңаша ғылыми-этикалық таным құру, дүниені бірегей түйсінудің тың ұстанымын байыптау, осы мәселелерге өзіндік бір үйлесімді бағдар қалыптастыру заманның және адамзат баласының кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірінен саналады. Осындай мәсе­лелер ғылыми білімділік пен ин­тел­лектуалдық және парасаттылық пен пайымдылықты қажет ете­тіндігі сөзсіз.

Қазіргі дүние жүзіндегі жаһан­дану үрдісі кезеңінде үдей түс­кен ақпараттар тасқыны және ғы­лымның дамуы адамзат баласының алдында күрделі мәселелер қою­да. Әлемдік саяси аренада руха­нилық пен мәдениетке көңіл бөліп, өмірдің қолайлы тұрпатын қалыптастыру маңызды бағдар болғандықтан, қоғам өзіндік іс-қимылдарын ғылымға баса назар аударудан бастап отыр. Бұл ретте, Қазақ елі дүние жүзіндегі бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына ену ұстанымын жүзеге асыруды қолға алды. Елбасы Н.Назарбаевтың ұс­танып отырған бұл озық сая­­саты тек Президенттің ғана емес, барша қазақстандықтың міндеттеріне айналуы тиісті. Осы орайда, Елбасының айтқан мына сөздері ойға оралады: «Ол жалғыз Президенттің немесе Парламент пен Үкіметтің ғана шаруасы емес. Біз болашағымыздың жарқын болғанын көргіміз келеді. Олай болса, осы іске жеңді түріп кірі­суміз керек».

Елбасы осындай жарқын бола­шаққа қол жеткізу жолын ғылымға баса назар аударып, интеллектуалды ұлт қалыптастыру тактикасынан бастап отыр. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру бағдары- бүкіл ел болып қолдайтын және бола­шаққа еркін қол сермейтін маңыз­ды шара. Себебі, интеллектуал­ды ұлт қоғамның жан-жақты дамуының тірегі және түп негізі болып табылады. Демек, ғылым мен білімді дамыту ел болашағын қалыптастырудың бірден-бір маңызды тетігі деп бағамдаймыз. Оған айқын мысал ретінде Жапония мемлекетін алуымызға болады. Білім мен интеллектуалдылыққа кең түрде бет бұрған бұл мемлекет қазіргі таңда экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған әлемдік елдердің бірінен саналады. Еліміздегі интеллектуалды ұлт қалыптастыру саясаты мемлекетіміздің осындай деңгейлерден көрінетін мәртебесін анықтай алуы мүмкін. Сондықтан да, жарқын болашағымызды қалып­тастыруда, баршамыз ұрпақ­тары­мызды алдымен білім мен өнеге­лі­лікке, ақыл мен парасаттылыққа бау­лу шараларын қолға алуға тиіспіз.

Бүгінгі таңда әлемдік арена биі­гіне күш көрсету арқылы шығу мүмкін еместігі баршамызға бел­гілі. Мұны тереңнен байыптаған Пре­зи­дентіміз осы іс-шараның негізгі түп бастауы еліміздің бола­ша­ғының интеллектуалды ұлт болып қалыптасуында жатқан­дығын ұсынады. Оған Елбасы­ның «Назарбаев Университет» студенттері мен профессор-оқыту­шы­ларының алдында сөйлеген мына сөздері дәлел бола алады: «Қазіргі уақыт – адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағын­дырудың заманы».

Ғылым мен мәдениетті өрістету – қоғамымыздың барлық салаларын озық деңгейге жеткізетін алғышарт. Атап айтқанда, экономика, саясат, білім беру, рухани мәдениет, т.б. барлығы да интеллектуалды бас­таулардан қалыптасады. Демек, ұрпақтың бойына интеллектуалды тәрбиені сіңіре білсек, еліміздің экономикасы дамып, ғылымымыз бен мәдениетіміз өркендей түсе­тіндігі ақиқат. Осы ішкі қуат­ты­лықты арттыру мен пайдалану қажеттілігі – бүгінгі таңда Елба­сы­ның ішкі саясатындағы бас­ты ұс­та­нымдарының бірі. Мұны бүкіл халыққа тағайындалған мемле­кеттік құрметтің белгісі деп тұжы­рымдай отыра, құқықтық-демо­кратиялық қоғамның бүгінгі таңда және болашақта қол жеткі­зер жетістіктерінің жобасы тұрғы­сында қабылдауымыз керек. Бұл – Елбасы саясатының басты тармағы.

Мұхтар ОТАРАЛИЕВ,

әдебиеттанушы,

Атырау қаласы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз