Атыраулық волейболшыларымыз чемпион атанды

Жаңалықтар Спорт Қоғам

Atr.kz/3 қыркүйек, 2019 жыл29-31 тамыз күндері Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан ел чемпионаты өз мәресіне жетті.  

Үш күнге созылған жарыста  Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарынан келген алты  команда өзара кездесулерінде мықтыны анықтасты. Тартысқа толы ойындар нәтижесінде Бауыржан Тахауов бастаған Атырау облысы командасы барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп кезекті рет өз  мықтылықтарын  тағы да дәлелдеді. Чемпионаттағы екінші орынды Қызылорда облысы иемденсе,  үшінші орын ақтөбеліктерге бұйырды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *