Атырауда қоғамдық көліктерді карточкалық жүйеге көшіру мерзімі 15 қыркүйекке дейін ұзартылады

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/3 қыркүйек, 2019 жыл. «Смарт-Атырау» КММ директоры Әділбек Таңқиевтің айтуынша, 1 қыркүйекке дейін оқушылар мен студенттер карточкаларын алып үлгермейді.

Оның үстіне, электронды билеттеу жүйесі мен сараланған тарифтің қолданысқа енгізілуіне қатысты жұртшылық арасында түсініспеушіліктер, соның салдарынан проблемалар туындауда. Қыркүйектің алғашқы күнінен бастап, жеңілдікті пайдаланушылар санатына кіретіндерінен басқа жолаушылардың бәрі карточкамен 80, ал, қолма-қол 150 теңге төлейтіні туралы хабар таратылғаннан кейін тұрғындардың  карточка сатып алуға деген белсенділігі күрт өсті. Мәселен, 15-20 тамыз аралығында 27 мың дана карточка сатылыпты.

Атырау қаласында 53 мың адам карточканы пайдаланады екен. Қалада жолаушы тасымалына тартылған 27 маршруттың 25-іне валидаторлар мен мобильді терминалдар орнатылған

Бүгінгі таңда қалада 53 мың адам карточканы пайдаланады екен. Қалада жолаушы тасымалына тартылған 27 маршруттың 25-іне валидаторлар мен мобильді терминалдар орнатылған. Қолында карточкасы бар жолаушылар осы құрылғыларды пайдаланып, жолақысымен есептесе алады. Қалған екі бағыттағы автобустар да осындай технологиялармен жабдықталатын болады.

Ал, «Смарт-ЖКХ» ЖШС директоры Болат Жамашевтің мәлімдеуінше, карточкалар (бағасы 300 теңге) Балықшы, Авангард, Вокзал маңы мөлтекаудандары мен облыстық перзентхана маңында орналасқан жаңа аялдамаларда және автобустардағы жолсеріктер арқылы сатылуда. Мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері күніне екі рет тегін, үшіншісінен бастап ақылы түрде жүреді. Бірінші, екінші топ мүгедектерінен ешқандай ақы алынбаса, үшінші топтағылар мен көп балалы аналар жолақының жартысын төлейді.

Осы санаттағыларға құны 500 теңгеден тұратын, аты-жөні жазылған атаулы карточкалар беріледі. Мұндай карточкаларды рәсімдеу үшін жоғарыда көрсетілген орындарға жеке бас куәліктерімен келуі керек. Карточкаларды пайдалану мүмкіндігі мен қолжетімділігін, сондай-ақ, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды банкоматтарға тіркеп, «Автобус» мобильді қосымшасының көмегімен ұялы телефонға жүктеп алуға болады. Бұл жөнінде «Смарт-Атырау» КММ мен «Смарт-ЖКХ» ЖШС-нің мамандары кеңестер мен көмектер береді. Таразыланған тарифтердің қолданысқа енгізілуімен байланысты, қыркүйектің 15-інен бастап, қоғамдық көлік жолаушылары карточкамен 80, ал, қолма-қол (құжатсыз) 150 теңге төлейтін болады.

 Дәулетқали АРУЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *