Атырауда екі күндік жәрмеңкеде 10 тонна көкөніс сатылды

Агрокешен Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/3 қыркүйек, 2019 жыл. 30-31 тамыз күндері  “Сарайшық” коммуналдық базарында және “Мұнайшы” стадионында жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеде  көкөністер мен жемістер, жұмыртқа, бал, ет және сүт өнімдері сатылды.  Сондай-ақ, жәрмеңкеде жұмыртқаны 23 теңгеден, картопты 90 теңгеден, пиязды 70 теңгеден алу мүмкіндігі болды. Шараға 27 жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты.

– Барлығы 52 тонна көкөніс, 600 келі шошқа еті мен тауық еті, 1 тонна сүт және 50 келі шұжық өнімдері ұсынылды.  Көкөністер мен жемістер сұранысқа ие болды, – дейді Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Даулетов.

Atr– Ақпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *