«QAZAQ AIR» әуе компаниясы Атырау – Орал бағыты бойынша аптасына төрт рет қатынайды.

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы Атырау – Орал бағыты бойынша рейстердің санын арттырып, бұдан былай аптасына төрт рет қатынайды.

3e116ec4c293f6a8b399a62993331f5b

Батыс Қазақстан өңірінің аймақтық орталықтары сейсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалатын әуе қатынасы арқылы байланысатыны қуантады. Мұнайлы астанадан Оралға заманауи «Bombardier Q400 NextGen» ұшағымен небәрі 50 минутта жетуге болады.

«QAZAQ AIR» АҚ – еліміздің аймақтық бағыттарда қызмет көрсететін жаңа әуе компания. Оның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі. Ұшақтар жиынтығы канадалық «Bombardier» компаниясының үш жаңа турбовинтті, сыйымдылығы 76-78 орынды «Q400» әуе кемелерінен тұрады. Бұл – жолаушылар салонында шуды және вибрацияны басатын активті жүйесі, кең отыруға мүмкіндік беретін эргономикалық орындықтар мен үлкен иллюминаторлар, жүк салатын сөрелер мен жарық жүйесімен жабдықталған жаңа ғасырдың әуе лайнері.

Бақытжан Жұмат

1 комментарий

  1. Айдарбек

    Бағасы қанша екен?

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*