«Qamqor» – кәсіпкердің қамқоршысы

Кешегі шілде айынан бастап «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірілген үлгісі іске қосылды. Жобаны Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арнап әзірлеген болатын.

Screenshot_10

Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады. Ол кәсіпкерге аталған кодты сканерлеп, тексеруші, тексеру мерзімі, түрі туралы және өзге толық ақпаратты көруіне, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алып тексеру басталғанға дейін қойылатын талаптармен таныса алады. Қосымша арқылы бұзушылықтары көрсетілген тексеру қорытындысымен танысуға да мүмкіндігі бар.

Ұялы қосымшаның алғашқы үлгісі тек негізгі екі қызметті атқарды. Олар тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс- әрекетін даулау мүмкіндігі.

Жалпы бұл қосымша өткен жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгізілді. Аталған кезеңнен бастап 27 мың кәсіпкер қолданушы ретінде тіркелді.

Ұялы қосымшаның жаңа үлгісі мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Диляра ЕРМЕКОВА,

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

аймақтық көлікті басқармасының аға прокуроры

                                                                        


Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*