Польша ЖОО-лары Қазақстан азаматтарына оқу гранттарын ұсынды

  Енді Қазақстандық азаматтар Польша университеттерінде тегін оқуға мүмкіндік алмақ.

польша

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, 11 қазақстандық Польшада тегін оқи алады. “Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 келісім шеңберінде поляк тілін бір жыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламалары бойынша гранттарды ұсынуда”, – делінген хабарламада. Келісім шеңберінде оқу тегін, сонымен қатар, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі бар (шамамен 80-150 еуро). Сондай-ақ, докторантура бағдарламасы студенттеріне арналған стипендия (шамамен 300 еуро) ұсынылады. Польша жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқып жүрген ҚР азаматтары шығындарды өз қаражаты есебінен өтейді. Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімі www.nawa.gov.pl сайтында орналасқан. Гранттарды алу үшін қажетті құжаттардың тізімі мен талаптарды мына жерде көруге болады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*