Полиция көлігіне соқтығысып, жүргізуші куәлігінен айырылды

Атырауда полиция көлігіне соқтығысқан жігіт 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Машина пол

Сотта анықталғандай, А.С. есімді азамат Сағыз селосында «Ваз 21099» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамай, қашпақ болған. Құқық қорғаушылар оны ұстау үшін артынан жүрген кезде, ол полицияның қызметтік автокөлігіне соқтығысқан.

Сот отырысында А.С. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады. Сонымен қатар, көлікте отырған жолушылардың денсаулықтарына зақым келмегенін, жол-көлік оқиғасы салдарынан келген залалдың орнын қалпына келтіргенін айтты.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А.С. «жол полиция органы қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, ол «көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, көлік құралын бүлдіруге әкеп соғу» бабы негізінде айыпты саналып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Айқара Ғұмар

Фото masteravaza.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*