Паразиада күнделігінен…

Атыраулық спортшылардың Индонезия астанасы – Джакартада өтіп жатқан  Паразиада ойындарында бақтары жанып тұр. Ендеше, дүбірлі доданың күнделігінен үзінді ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

20181011015254

Паразиада ойындарының үшінші күні жарыс жолына Жандос Қиянов бастаған дзюдошыларымыз шыққан болатын. 73 келіде белдескен Дәулет Теміржан қола жүлдеге ие болды. Жерлесіміз алғашқы кездесуінде Жапониялық Китазоно Арамитсуды ұтты. Жартылай финалда Оңтүстік Кореялық Ианг СеунгДжунан тартысты өткен кездесуде жеңіліп қалды. Қола жүлде үшін болған таласта Дәулет Моңғол балуанынан айласын асыра алды. Айта кету керек, Дәулет Теміржан қыркүйек айында Атырауда өткен әлем кубогында қола жүлдегер атанған болатын.

750x350-UN6A5094

Бұл дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының Паразиада ойындарындағы алғашқы тарихи жүлдесі болып табылады. Паразиада ойындарында бақ сынаған қос дзюдошымыз Ануар Сариев пен Темірболат Ташекенов жүлде тұғырына бір қадам қалғанда сүрініп, төртінші орынды қанағат тұтты. Айта кету керек, спортшыларды қолдау мақсатында облыстық парадзюдо федерациясының президенті Асылбек Өмірзақов та барған болатын.

***

Отырып ойнау волейболынан Қазақстан ұлттық құрамасы ойындардың қола жүлдегері атанды. Қола жүлде үшін болған тартыста жерлестеріміз Ирак командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Жалпы, Бауыржан Тахауов бастаған командамыз іріктеу кезеңдерінде Ирак, Мяньма, Индонезия командаларын ұтып, топтан бірінші орынмен шыққан болатын. Бірақ, жартылай финалда қытайлықтарға есе жіберіп алды. Айта кеткен жөн, отырып ойнау волейболы командасының 90 пайызы – жергілікті спортшылар.

20180917183921

***

S10 санаты бойынша 50 метрде еркін әдіспен жүзуде жерлесіміз Дмитрий Ли де қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл қашықтықта ирандық Изадиар Шаһин 25,95 нәтижесімен жеңіске жетті. Дмитрий болса 26,89 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді. Осыған дейін спортшымыз – үш медаль еншілеген болатын. 100 метрде баттерфляй әдісімен қола, 100 метрде еркін әдіспен және 200 метрде кешенді жүзуден күміс жүлдегер атанған еді.

UN6A4177

20181010193147

Дайындаған: Мұратбек ЖАҢАБАЙ

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*