ПАРАСАТҚА ЛАЙЫҚ «ПАРАСАТ»

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік марапатқа ие болды.

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының, әскери және құқық қорғау органдарының өкілдері, спортшылар, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, мәдениет пен ғылым қайраткерлері бар.

Ақордада өткен салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ мемлекеттік қызметкермен бірге Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа «Парасат» орденін табыс етті.

«Парасат» орденімен ғылым және мәдениет, әдебиет пен өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар республиканың интеллектуалдық және рухани деңгейін көтеруге, адам құқығы мен оның әлеуметтік мәселелерін қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін жеке азаматтар марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*