ӨЗГЕРІСТЕР – ӨМІР ТАЛАБЫ

 

Бірақ, әлемдік дағдарыс және әлем елдеріндегі кейбір қарама-қайшылықтар бұл бағыттағы жұмыстарға тағы да түзетілу, өңдеу, қосымшалар жасалуын талап етіп отыр. Міне, осы мақсатқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауы толықтай жауап береді.

Жолдау Қазақстанның әрбір азаматының мүддесіне  сай келіп тұр. Сонымен қатар, кәсіпорын, өндіріс салаларын жаңартудың, әр кәсіпкердің толықтай жұмыс істеуін, отандық сапалы да қолжетімді тауарлар шығаруын қамтамасыз ете алатын баға жетпес маңызды бағдарлама ретінде қабылданып отыр. Әсіресе, банктер мен салық жүйесі туралы Президент ой-толғамдары енді жаңаша қызмет етуді, әркімге өз міндеттеріне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жекешелендірудің жаңа толқыны да – ел экономикасын әлемдік дағдарыс әкелген тығырықтан тезірек шығаруға жасалған маңызды қадам болмақ.

Елбасымыздың әр жылғы Жолдауы қоғамымыздың әлсіз топтарының әлеуметтік жағдайын жақсартудың бір биік сатысы ретінде көрініп келеді. Осы жолғы Жолдау да бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақы мен шәкіртақыны көтеруді көздеген. Бұл – еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Сол себептен, еліміздің әрбір азаматы сияқты, мен де осы экономикалық салаға жасалынатын оң өзгерістер мен әлеуметтік жағынан жасалатын жаңа қамқорлықты ел болашағының игі мұраты ретінде қабылдаймын.

Абат КЕНЖЕҒАЛИ, еңбек ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*