Отбасылық фермалар төскейді малға толтыра ала ма?

bc140e7b 9bb9 4db4 a255 5199e3b04def Жаңалықтар

«Жайық» мәдени-спорт кешенінде Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерімен және осы салаға жауапты жергілікті атқарушы билік құрылымдарының, сондай-ақ, қаржыландыру ұйымдарының қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев кіріспе сөзбен ашып, мақсатын түсіндірді.

bc140e7b-9bb9-4db4-a255-5199e3b04def-560x330

Елбасының тапсырмасымен «2018-2027 жылдарға арналған еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Соған байланысты ауыл шаруашылығының барлық саласын өркендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Сол бағдарламалар аясында көптеген жаңа жобалар бекітілді. Оларды оңтайлы іске асырудың жолдары мен қаржыландырудың заманауи тетіктері қарастырылуда.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев осыған орай көптеген мәліметті келтірді. Мәселен, елімізде 7 млн-ға жуық ірі қара бар. Алдағы тоғыз жылда бұл көрсеткішті 15 млн-ға жеткізу жоспарланған. Қазір Қазақстан жылына құны 30 млн. АҚШ долларына бағаланатын мал етін шетке шығарса, 9 жылдан кейін ол да 2,4 млрд. долларға жеткізілмек. Осылайша, алдымыздағы бес жылда еңбек өнімділігі мен өңделген өнім көлемі 2,5 есеге ұлғайтылады.

Үкіметтің ұстанып отырған басты бағыттарының бірі  – жаңа жобалардың негізінде өңірлерде отбасылық фермалар құрып, олардың қатарын көбейту. Өйткені, мемлекеттік бағдарламаларда ірі шаруашылықтардан гөрі 50-100 бас ірі қара немесе 600 басқа дейін қой өсіруді қолға алған ұсақ шаруашылық құрылымдарына көбірек назар аударылып, қаржыландыру мен қолдау мәселесінде соларға басымдық беріледі, – деді Арман Қайратұлы.

 

Дәулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз