Cирия жерінен Атырауға 21 бала әкелінді

big 6317233b3adb6c46 Жаңалықтар

Atr.kz/19 маусым, 2019 жыл. «Жусан» операциясы кезінде Сирия жерінен елімізге 51 атыраулық қайтарылды.

Оның ішінде 26-сы балалар. Бұл туралы Өңірлік  коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдеді.

«Арнайы операция кезінде қайтарылған 51 адамның 21-і әйел азаматтар. Төртеуі ер адам. Қазіргі таңда төрт ер адам тергеу изоляторында отыр. Әйел азаматтар мен балалар Ақтау қаласында ашылған  оңалту орталығына орналастырылды. Аталмыш орталықта оларға теологиялық, психологиялық және құқықтық қызмет көрсетілуде. Ол азаматтармен кездесуге Атыраудың арнайы мамандары да бірнеше мәрте барып қайтты. Ақтау қаласындағы орталық «отты нүктеден» әкелінген азаматтардың қоғамға бейімделіп, әлеуметтенуі үшін көмек көрсететін болады. Ал, «Жусан» операциясына дейін Сирия жерін  үш атыраулық әйел мен он бір бала өз еркімен тастап шықты» деді спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз