Атырауда браконьерлерден екі жылда 600-ден астам көлік құралы тәркіленді

WhatsApp Image 2018 08 07 at 09.45.03 1 Жаңалықтар

Соңғы екі жарым жыл ішінде браконьерлерге қатысты 4000-нан астам құқықбұзушылық анықталып, 58 заңсыз балық аулаушының үстінен 35 қылмыстық іс қозғалған. Браконьерлерден жалпы сомасы 125 млн теңге шығын өндірілді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-07 at 09.45.03 (1)

ҚР АШМ Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймагамбетовтің айтуынша, барлық құзырлы органдардың бірлескен жұмыстары нәтижесінде браконьерлікпен күрес кең көлемде жүргізіліп келеді.

– Соңғы екі жылда қолданылған шаралар нәтижесінде браконьерлікпен күрес күшейді. Мысалы 2014-2015 жылдары 14 қылмыстық іс қозғалса, 2016-2017 жылдары 35 болды. Соңғы екі жылда заңсыз балық аулаушылар 125 млн теңге шығынды өтеді, 2014-2015 жылдары 33 млн теңге болды. 2016-2017 жылдары 11 мың балық аулау құралын, 600 жүзу және көлік құралдарын тәркіледік, – дейді Данияр Баймағамбетов.

Данияр Баймағамбетовтің айтуынша, қазір нақты нәтижелер бар.

Биыл Жайық өзенінде ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде шоқыр балығының шабақтары анықталды. Бұл балық қорғау жұмыстарының тиімділігін көрсетеді, бағалы балық түрлері уылдырық шашатын орындарына дейін жетті. Осылайша, биыл бекірелер жасанды түрде ғана емес, табиғи түрде де өндіріледі. Мемлекет басшысы балық қорын болашақ ұрпақтарымыз үшін де сақтау міндетін қойды. Қазір заңсыз балық аулаумен күшейтілген күрес нәтижесінде болашаққа үмітіміз пайда болды, дейді Данияр Баймағамбетов.

Күзгі балық аулау маусымында балық аулау кооперативтеріне берілетін лимиттің игерілуіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Балық қабылдау бөлімшелері қатаң қадағаланады. Осы шаралар балық шаруашылығы субъектілерінің квотаны игеру мөлшерін 87,3 пайызға дейін арттыруға ықпал етті, бұл соңғы 8 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

– Өкінішке қарай, кейбір балық кооперативтерінің барлық аулаған балықтарын тіркемеу деректері анықталды, ол балық аулауға берілген лимиттің толық игерілмеуіне әкеліп, көлеңкелі нарықты ынталандырды. Қазір әр ресми балық аулау қайығы мен балық қабылдау бөлімшелерін бақылауда ұстап отырмыз, табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген тәртіпте тек рұқсат етілген балық түрлерін аулауларын да қадағалаймыз, – дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймагамбетов.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз