Ойыншық таңдай білесіз бе?

Ойыншықтар – сәбидің дүниетанымын қалыптастыру үшін бірден-бір көмек құрал. Өкінішке орай, ата-аналар түрлі-түсті әдемі ойыншықтардың қаншалықты қауіпсіз екенін, оның балаға қандай пайда мен зиян тигізетінін біле бермейді. 

%d2%b1%d1%80%d0%bf%d0%b0%d2%9b

Биылдың өзінде облыс аумағында өнімнің қауіп-сіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге 79 балаларға арналған өнім сынамасы, соның ішінде 59 ойыншық сатып алынған. Сараптамаланған балаларға арналған өнімдер сынамасының 60-ы немесе 77%-ы техникалық регламенттер талаптарына сай емес болып шықты. Барлық 60 өнімнің сынамасы немесе 100%-ы таңбалану талаптарына, ал тоғызының (15%-ы) баланың денсаулығы үшін қауіпті физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша ережеге сай емес екені анықталды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бас-қармаларының мамандарымен сатып алу нәтижесінде анықталған Кеден одағы техникалық регламенттері талаптарының бұзылуына, берілген нұсқамаларының орындалмауына байланысты төрт іс сотқа жолданды. Атырау қаласы бойынша – екі, Мақат ауданы мен Құлсары қаласындағы бір фактіге байланысты және екі жеке кәсіпкерге 212 100 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, сатуға тыйым салу шаралары алынды. Еліміздің аумағында айналымға түскен ойыншықтар Кеден одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес және ілеспе сәйкестік сертификаты болуы тиіс. Ойыншықтар айналымға түсер алдында Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай белгісімен таңбалануы керек.

Ойыншық саудасымен айналысатын тұлғалар, тұтынушыға қазақ және орыс тіліндегі ойыншықты пайдалану нұсқаулығын және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарын әр тұтынушының сұрауы бойынша табыстауға міндетті. «Бар жақсылық – балаларға!» дейтін халқымыз баланың қолынан қаққан емес, ал, біз «ойыншық сатып алғанда жоғарыда айтылған кеңестерді ескеріп, балаңызға әдемі, сапалы және ең бастысы қауіпсіз ойыншық таңдаңыз» деген кеңес береміз.

Анар ШАЙХИМОВА,

Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

департаментінің бас маманы.

Кеден одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттеріне сәйкес, ойыншықты таңдар алдында мынадай талаптарға аса көңіл аудару қажет:

– ойыншықтың сыртқы пішіні, оның сырты жабысқақ болмауы керек және қолмен ұстағанда қолға бояуы жұқпауы тиіс, себебі, бала, әсіресе, кішкентай сәби, әр ойыншықты аузына салады, ал, сілекеймен бірге зиянды бояу ішкі құрылыстарына түсіп, баланың денсаулығына зиян келтіреді;

– кейбір ойыншықтардың  шеттері, бұрыштары өткір, үшкір болады, бұл баланы зақымдауы мүмкін. Ойыншықтан спецификалық жағымсыз иіс шықпауы, дыбыс шығаратын ойыншықтардың ызғырық дыбыс шығармауы тиіс:

– ойыншықтың таңбалануына, онда ойыншықтың, өндірушінің атауы және (немесе) тауар белгісі, қолдану шарттары, өндірілген мерзімі, шыққан елі, балалардың жасына орай шектеулер жазуы болу керек.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*