«ОТБАСЫ – АЛТЫН ДІҢГЕК»

 

Аталған оқу орны директорының оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Күләйім Боранова шараны ашқаннан кейін рет-ретімен арнайы шақырылған қонақтар таныстырылды. Олар Қоңырбаевтар, Айдаболовтар, Байқадамовтар, Есқалиевтар, Достановтар әулеттері. Бұл отбасыларының бірі мұнайшылықты, екіншісі электр жарығы, үшіншісі педагогика, медицина салаларын серік еткен екен. Әулет үлкендері өздері кәсіп еткен қызметтері туралы тереңнен толғап, жастарға үлгі боларлық өмір тәжірибелерінен қызықты естеліктер айтып берді. Бір ұқсастық – жастармен кездесуге келген отбасыларының бәрінің балалары осы колледж студенті.

Отбасы күніне арналған осынау шараның көңілдегідей өтуіне колледж студенттерінен құралған ұлт аспаптар оркестрі мен студенттер ән-күй орындап, көптің қошеметіне бөленді. 

Лиза СЕЙТІМОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*