«ОТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – БІЗДЕР»

Туған өлкеге оралысымен делегаттар Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында бас қосып, жергілікті жастарға ел аманатын жеткізді. «Дөңгелек үстел» барысын аталған институт колледжі мекемесінің директоры Абылай Досниязов ашып, делегаттарды құттықтады. Облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Арман Азаматов осы мәселеге жіті көңіл бөлді.

– Өкінішке орай, күнделікті білім дәрісіне уақытында қатысып, болашақ кәсіптің қыр-сырын меңгерудің орнына, неше түрлі жеңіл амалдар ойлап табатын жастар арамызда баршылық. Әлемдік сарапшылардың болжамынша, болашақта көп елде жұмысшы мамандығының тапшылығы белең алуы мүмкін. Міне, осы мәселенің алдын алу үшін Елбасының өзі 2017 жылдан бастап тегін техникалық білім беруді жолға қойды. Бұл бастама жұмысшы кадр тапшылығын болдырмас үшін жасалып отыр, – деді ол.

Осыдан кейін делегаттардың бірі Ілияс Рашид сөз алып:

– Ерте кезден қоғамдық жұмыстарға белсенді араластым. Делегация жетекшілерінің ішінде ең жасы мен болдым. Өкінішке орай, жат ағым жетегіне ілескендердің бары ащы да болса шындық. Егер екі қолға бір күрек табылса, мұндай олқылық орын алар ма еді? Міне, біз осы жағын естен шығармауымыз керек, – деді. -Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер жөнінде білгісі келетіндер болса, Махамбет көшесі, 116  мекен-жайы бойынша хабарласа алады.

Амандық АБДОЛОВ.

 

Ринат ҒИЛАЖЕВ, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:

– Тәуелсіздік мерейтойы аясында өткен форумның мақсаты — қоғамдағы мәселелерге қозғау салу, белсенді жастарға бағыт-бағдар беру. Форумға бастап барған Ілияс жас та болса «Жасыл ел» жасағы мен «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етеді. Белсенді топпен жұмыс жасау үшін қалалық жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта «Нұрсая» мөлтекауданына жаңа ғимаратқа көшірілетін болады. Кәсіп ашамын деушілерге де мүмкіндік мол.

 

Ілияс РАШИД, республикалық форум делегаты:

– Біз, өңіраралық жастар форумына қатысушылар, Қазақстан жастарын еліміздің өркендеп дамуы жолында аянбай еңбек етуге және азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз. Қазақстан жастарын біздің бастамаларымызды бүкіл ел көлемінде қолдауға үндейміз. Отанымыздың гүлденуі мен нығаюы жолында күшімізді біріктіруіміз қажет. Бұл әрбір жас қазақстандықтың парызы деп санаймыз. Біздің жетістіктеріміз — бүкіл еліміздің жетістігі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*