ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Сондықтан,  экспорттық тауарларға деген сұраныс пен бағаның төмендеп кетуінен жаңа ақша саясатына ауысуға  мәжбүр болып отырмыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында бұл шешімді құптады.

Нарықта бағаның тұрақтылығын сақтап отыру мақсатында жасақталған тұрақтандыру қоры енді өз көмегін тигізбек. Қазіргі таңда бекітілген әлеуметтік маңызы бар 33 тауар түрі бойынша жағдай бірқалыпты. Осы орайда, біз кәсіпкерлермен меморандумдар жасақтаудамыз. Бұған қоса, дәрілердің де бағасы бақылауда.

Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл шешім, ең алдымен, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданды. Соған сәйкес, бұл өнім өндіріп, ішкі нарыққа экспорттайтын кәсіпорындарға оң септігін тигізеді деп ойлаймын.

Қазір валюта күн сайын құбылып тұр. Бұл нені білдіреді? Теңге нарығы көптеген факторларға байланысты. Теңге бағамын нарық реттейді. Сондықтан, халыққа  алып-қашпа сөздерге ермей, тек сабырлы болу керек. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауында ұстап келеді.

Тағы бір айта кетер мәселе, Қазақстан ДСҰ құрамына енген тұста  отандық тауарлар Батыс елдерінің тауарларымен баға, әлемдік стандарттарға сай сапа жөнінде де бәсекелестікке түсе алатындай болуы керек. Сондықтан, жергілікті тауар өндірушілер осы мақсатта жұмыстануы тиіс.

Қазіргі таңда біз әр өндірістік кәсіпорын бойынша жоспар жасақтап, теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі оларға қаншалықты әсер ете алатындығын зерттеу жұмыстарын бастадық. Әзірге нәтиже көңіл көншітерлік.

Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВА,

облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*