Отан шекарадан басталады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан «Ұлы дала елі – 25 жұлдызды күн» акциясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы күніне арналды. Салтанатты жиналыста арнаулы датаға байланысты бір топ әскери қызметкер марапатталды.

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%803

Қазақстанның Ресеймен шектесетін Атырау облысындағы шекараны қорғау мәселесі ешуақытта назардан тыс қалған емес. Күні бүгінде өңірдің мемлекеттік шекарасын күзетуді мыңнан астам жеке құрамы бар 2016 және 2201 «Г» әскери бөлімдерінің шекарашылары қамтамасыз етуде.

Мерекелік жиында құттықтау сөз сөйлеген Атырау шекара жасағының командирі, подполковник Мұхтар Қанабеков тәуел-сіздік тарихында шекаралық ведомоство бірнеше күштік құрылымдарға бағынышты болғанын, аумағымызды бақылау ешқашан назардан тыс қалмағанын атап айтты.

Өз кезегінде сөз алған Теңіз шекара дивизионы командирінің міндетін атқарушы, үшінші рангі капитаны Бауыржан Мәмбетәлиев шекарашылардың қиын да құрметті қызметтеріне табыс тілеп, егемендік алған жылдар ішінде жеткен толағай жетістіктерді атап өтті.

Салтанатты жиынға қатысушыларды аймақ басшысы атынан құттықтаған Атырау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Арман Баженов шынайы лебізін жеткізді. Ол Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың атынан әскери бөлімдер басшыларына, шекарашыларға Алғыс  хаттар  табыс етті.

Жиын барысында Батыс өңірінің әскери прокуроры, әділет полковнигі Жанболат Аекенов, Тәжік-ауған соғысы ардагерлері Одағының төрағасы Қанат Қадырқұлов құттықтау тілектерін арнады. Сонымен қатар, әскери қызметшілер атаулы күнге байланысты түрлі марапат қағаздарына ие болды. Салтанатты кеш әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

Айбөпе САБЫРОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*