ӨСПЕЙ ЖАТЫП, ӨШТІ

Сотта анықталғандай, кәмелет жасқа толмаған төртеу 2014 жылдың қазан айы күндерінің бірінде кешке кездесіп, серуендеп жүреді. Осы кезде жасөспірімнің бірі қасындағы достарына жалғыз кетіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасап, олардың құнды заттары мен ақшасын алып, қалтаға басуды ұсынады.

Осылайша жасөспірімдер Атырау қаласының Орталық мөлтекауданындағы тұрғын үйдің қасында кетіп бара жатқан егде жастағы адамның соңына түседі. Көзден таса жерге жеткен кезде олар жәбірленушіге тарпа бас салады. Ұрып-соғып құлатқан қаскөйлер егде адамның тұруына мүмкіндік бермей, денесінің әр жерінен қолдарымен ұрып, аяқтарымен тебе береді. Онымен қоймай, сотталушының бірі дәрменсіз күйде жатқан жәбірленушінің басынан таспен бірнеше рет соғады. Сөйтіп, есінен танған жанның қалтасын қарап, екі дана әмияны мен ұялы телефонын алып, оқиға болған жерден бой тасалап қашады. Ал, ауыр жарақаттардың салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем автокөлігінің ішінде есін жимастан көз жұмған болатын.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған жасөспірімнің бірі 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Өзге үшеуі де алдағы бес жыл өмірін темір тордың арғы жағында өткізетін болды.

 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің материалы бойынша дайындалды. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*