Қош бол кириллица: Латын әрпін қаншалықты жақсы түсінесіз?

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев “Егемен Қазақстан” газетінде мақала жариялап, 2025 жылға қарай Қазақстанның латын әрпіне көшетінін мәлімдеді.

pogudx7obm3dekgg4.1831f709

Елбасы латын әрпіне көшудің 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды жүктеді.

Осыған орай, NUR.KZ порталы Baq.kz порталында жарияланған латын тіліндегі мақаланы назарларыңызға ұсынады. Төмендегі мақала арқылы латын әрпін қаншалықты түсінетіңізді саралап көруге мүмкіндік бар.

Älewmettik jelide Pavlodarda attrakcïonğa örmelep şıqqan ékstremaldar twralı vïdeo tarağan bolatın. Köp keşikpey` polïcey`ler qalalıq sayabaqtağı attrakcïonda örmelep jürgenderdi ustadı, dep xabarlay`dı Baq.kz.

«11 säwir küni sağat 18:00 şamasında «Döñgelek şolwşı» attrakcïonı mañınan 20 jastağı jigit ustaldı. Ol attrakcïonnıñ bel ortasına dey`in örmelep şıqqan. Oğan qatıstı QR ÄQBtK 434 b 1 b «Usaq buzaqılıq» boy`ınşa äkimşilik jawaptılıqqa tartw şarası qoldanıldı», – dep mälimdedi İİD.

Sonday`-aq,bir ékstremal jasöspirim jäne sol mañay`dı torwıldap jürgen 13-14 jastağı 6 bala ustaldı.

Vedomstvonıñ mälimetinşe, kämelettik jasqa tolmağan balalardıñ ata-anası men olar oqïtın mektepte aldın ala äñgimelesw şaraları jürgizilgen.

Qala äkimdiginiñ deregi boy`ınşa attrakcïonnıñ bïikti 26 metr.

1 комментарий

  1. Асанчик

    Совет укіметі құлағанына 25 жыл болды, біз орысшадан қазақшаға әлі 100 пайз коше алған жоқпыз. Латын алфавитіне көшу оданда қиын болатын шығар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*