222 түлек облыс әкімінің грантына ие болды

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен білім беру грантын бөлу жөніндегі конкурстық комиссия отырысында жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге жергілікті бюджет қаражат есебінен білім беру мәселесі қаралды.

DSC_0041

Комиссия отырысында облыстық білім басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауованың хабарламасынан белгілі болғанындай, облысқа қажетті мамандықтарды дайындау үшін жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруға 222 грант бөлінген. Мемлекеттік оқу грантына 252 үміткерден құжат түскен.

Облыстық бюджет есебіне қаржыландыруға педагогикалық мамандықтырға – 178, денсаулық сақтауға – 35 және ауыл шаруашылығы мамандығына 9 орын бөлінген. Оның ішінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне 160 грант бөлініп отыр. Білім грантынан үміттілер – Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинағандар, «Алтын белгі» иегерлері мен ғылыми жобалар бойынша жүлделі орынға ие болғандар.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев білім гранттары өңірдегі кадрлар қажеттілігіне сәйкес бөлініп, оның тапшылығын азайту, білікті мамандарды даярлаудың маңызды екендігіне тоқталды.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*