Ортақ нарықты қайтсек тиімді етеміз?

 Жақында Еуразиялық экономикалық одақ бестігі Астанада бас қосты. Он төрт мәселе қаралған Еуразиялық одақтың жоғарғы кеңесінде мемлекет басшылары өзара ортақ нарықты қалыптастыру мәселесіне көбірек назар аударды.

   Әлемдік картада қалыптасқан геосаяси ахуал, Мәскеуге салынған санкциялар, ғаламдық экономикалық дағдарыс жағдайында әр елдің «көрпені» өз мүддесіне қарай тартатыны белгілі. Десек те, ішкі ортақ нарықты тиімді жағдайда қалыптастыру үшін не істеу қажет? Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбек Таубаев «әр ел өтімді тауарлардың сапасын, көлемін арттыра отырып, оны өндіруді ұлғайтуы керек» деп есептейді. «Мәселен, жақында Ресей Белоруссияның азық-түлік өнімдерін түрлі себептермен кері қайтарып жіберді. Сол себептерге талдау жасасақ, тауар сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келуі керек болады. Одақ ішінде шығыны көп тауарларды өзара келісім бойынша қабылдайтын позиция да бар. Сондықтан, Қазақ елі осы екі бағамды да ұтымдырақ пайдалануы керек» дейді ол.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*