Орал қаласына көшпелі көрме ұйымдастырылмақ

Бүгін облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Жолаев жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

iEf080CSNgI

Брифингте ол осы сала бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Баяндамашы мәдениет саласы бойынша көптеген істердің жолға қойылғандығын айта келіп, әсіресе, Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды ерекше атап өтті.

– Біз үшін облысымздағы төрт бірдей тарихи нысанның «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» тізіміне енгізілгені үлкен қуаныш, – деді Азамат Нұржауұлы өз сөзінде, – Алдағы күндері де рухани жаңғыру жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады. Мәселен, ҚР Халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы республикалық «Алтын домбыра» күй сайысы, «Конферансье» жүргізушілердің облыстық байқауы, 2017-2018 жылдарға арналған музей мен музей қорықтарын дамытудың жол картасы бойынша көрші Орал қаласына көшпелі көрме ұйымдастырмақпыз.

Брифинг соңында А. Жолаев журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Лиза СЕЙТІМОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*