ӨНЕРДЕГІ ЖАҢА ТОЛҚЫН

Ән додасына алдын-ала іріктеу бойынша 8 өнерпаз  қатысты. Жарыстың ережесі бойынша әр үміткер жергілікті композитордың әнін және өз қалауы бойынша кез келген бір шығарманы  орындады.

Шараны ашқан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев үміткерлерге сәттілік тіледі.  Өнер көкпарының қорытындысымен «Ең үздік  сазгер» номинациясы бойынша жергілікті композитор Болат Қохаманов марапатталды.

Ал, «Ең үздік саз өңдеуші» номинациясы бойынша Манарбек Әубәкіров марапатталды. Және  талапкерлер арасынан үшінші орынды Атырау инженерлік гуманитарлық институтының 3 курс студенті Мейірім Исламғали иеленді. Екінші орынды Ғалым Рахметолла  еншілесе, бірінші орынға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Ержан Мырзахметов лайық деп танылды. Қалған  сайыскерлерге Алғыс хат ұсынылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шара барысында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының  «Жайық қызы» халық би ансамблі, «Жұлдыз» халық би ансамблі, «Натали» би ансамблі, Айбар Ғаниұлы, Зарина Қабдоловалар өнер көрсетті.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.                           

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*