ӨНДІРІСІМІЗ ӨРГЕ БАСТЫ

– Ұзақбай Сүлейменұлы, Қазақстандағы мұнай-газ саласының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективадағы негізгі даму басымдықтарын атасаңыз.

– Қазақстандағы мұнай-газ саласы Қазақстанның үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөлге ие. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша саланың барлық негізгі даму көрсеткіштері 2012 жылдың деңгейінен асып түсті. Осылайша, өткен жылы елде мұнай өндірудің рекордты деңгейіне қол жеткізілді – 81,8 млн. тонна, бұл 2012 жылдың көрсеткіштерінен 3,3%-ға артық, соның ішінде, мұнай экспорты алғаш рет 72 млн. тоннадан асты.

Алғаш рет газ өндірісінде де 42 млрд. текше метрге дейінгі деңгейі еншіленді. Сонымен бірге құрғақ тауарлы газ өндірісі 22,8 млрд. текше метрді, сұйытылған мұнай газының көлемі 2,5 млн. тоннаны құрады. Сондай-ақ, мұнайды өңдеу көрсеткіші 14,3 млн. тоннаға, тасымалданған газ көлемі 99 млрд. текше метрге жетті.

2013 жылы Теңіз бойынша мұнай өндірісінде рекордты көрсеткіш (27 млн. тонна) бағындырылды.

Сол сияқты,  Қарашығанақта 12 млн. тоннаға дейін жететін сұйық көмірсутегі және 17 млрд. текше метрден астам газ өндірілді. Біздің елімізде де,  бүкіл әлем бойынша да Қашаған жобасына  үлкен қызығушылық білдірілді. Бұл қорының ауқымдылығы бойынша да,  қордаланған қиындықтар кешенімен де бірегей жоба. Дәл сол себептен де оны жүзеге асыру үшін жетекші әлемдік мұнай компаниялары тартылды.

Кенішті игеру өндірістік құбырлардың жарылуы салдарынан болған газ шығару себебінен тоқтатылғаны белгілі, олардың жағдайы барлық құбыр өткізгішті ауыстыруды талап етеді. Біз құбырлар ауыстырылған соң өндіріс қайта жанданады және 2016 жылы Қашағанда «Қашаған коммерциялық өндірісі» күніне 75 мың баррельге дейін жетіп, жұмыс реттеледі  деп үміттенеміз.

– Қазақстанның мұнай-газ саласының мықты ғылыми-өндірістік және зияткерлік әлеуеті бар. Қуатты инновациялық  жобаларды ең табыстыларының қатарында қайсыларына тоқталар едіңіз?

– Мұнай-газ өнеркәсібі – еліміздегі  ең жоғары технологиялық салалардың бірі. Әдетте,  инновациялық шешімдер жер қойнауында қолданылатындықтан, ол ерекшелігі аса байқалып, біліне қоймайды.

Бүгінгі күннің өзінде бұрғылаудың алдыңғы қатарлы технологияларын, полимерлер қыртысына немесе парға жүктеу тәсілдерін кеңінен енгізу, инновациялық ұзақ тербелмелі тізбекті және гидравликалық тербелмелі станоктарды пайдалану, жаңғыртылған қашауларды қолдану және т.б. шаралар іске асырылуда.

Геофизикалық жұмыстарда  жоғары дәлдіктегі, бүкіл әлемге танымал сейсмикалық құрылғыларды, ең заманауи және мәліметтерді өңдеп, талдау үшін өте күрделі бағдарламалық өнімдерді қолданамыз. Геологияда бұл ең заманауи геотехнологиялық бағдарламалық өнімдер болып саналады.  Соның нәтижесінде геодинамикалық үрдістер де айқындала  түседі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұнай алу коэффициентін (МАК) 2020 жылға қарай 5-7 пайызға ұлғайтуға қол жеткізу бағытында жұмыс жүргізудеміз. Бүгінгі күні бұл деңгей біздің елде шамамен 30-35 пайызды құрап отыр. Мұнайдың 65-70 пайызы жер қабатында қалады. Сонымен бірге жекелеген елдерде ондай коэффициент 50-70 пайыз аралығында тұрақтаған. 

Біз инновацияларды енгізу ғылымды дамытуға сүбелі үлесі берілуі қажет кешенді іс-шара екенін түсінеміз. Осы мақсатта Ақтау және Атыраудағы «ҚазМұнайГаздың» ғылыми-зерттеу институттары соңғы жылдар бойы әлемдік деңгейдегі ең заманауи зерттеу құрал-жабдықтарымен жабдықталып келеді. Енді кен орнын зерттеу мен мұнайды өндіру үдерісінде әлемдік деңгейде жасалуы қажет көптеген сараптамалар біздің елде де жасала береді.

Тағы бір маңызды мәселе, кадрларды даярлауға ерекше назар аударылуы қажет. Соңғы жылдары білім мен іс-тәжірибенің бірізділігінде айтарлықтай алшақтық пайда болды. Әлі де болса, арамызда   заманауи зерттеулер мен инновациялық технологиялардың жабдықтарын игермеген мұнайшылар да  баршылық.

Сонымен бірге шетелдік университеттерде дайындалған жас мамандардың бір тобы бар, оларға дәл осы корифейлердің тәжірибесі жетіспейді. Бұдан туындайтын басты міндет – заманауи білімдер мен құнды тәжірибені  біріктіру .

– Әдетте Қазақстан және Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы бір алаңда мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының, венчурлық қорлардың, ірі бизнес пен ғылым өкілдерінің басын қосады. Атыраудағы XI форумнан қандай нәтиже күтесіз?

– Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, дәстүрлі өндіріс секторларының маңыздылығын, басқарудағы, көмірсутектер өндірісі мен өңдеудегі жаңа тәсілдердің қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы бірнеше мәрте атап көрсеткендей, шикізаттық мемлекет санатынан шығу ең алдыңғы қатарлы технологияларды енгізумен айқындалуы қажет. Қазіргі кезде республиканың ірі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, одан кейін 2017 жылдан бастап ішкі нарық халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы отынмен толығымен қамтамасыз етілетін болады.

Өткен жылы қазірдің өзінде республиканы сапалы жол битумымен қамтамасыз етіп отырған Маңғыстау облысындағы заманауи битумды зауыты іске қосылды. Арнайы экономикалық аймақ аумағында ең үздік әлемдік лицензиялық жабдықтарды сатып ала отырып, базалық мұнай-химиялық өнімдерді өндіретін ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, олардың айналасында өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы тауарлар шығаратын жүздеген шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрылады.

Осылайша, саланың дамуы, әсіресе инновациялық сектор бөлігінде экономиканың іргелес салаларына серпін береді. Және осы секілді іс-шараларда бүтін бір саланың одан әрі дамуына принципті түрде мүлдем жаңа шешімдер бере алатын ауқымды идеялар туындайды.

Атыраудағы форумда екі мемлекет – Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен мамандарының ойлары мен күш біріктіруінің жаңа бағдарын нұсқап, жемісті әрі өзара табысты ынтымақтастық жасау үшін одан да зор мүмкіндіктер беретініне сенімдімін.

Өз тілшіміз.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*