ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН…

Көрмегешебердің қолөнер туындылары – гүл тәрізді оюлап бейнеленген қоңыр түсті шай сандық, аузына құлып салынған өрнекті сандықша, ағаштан оюлап жасаған қобдиша, қолшоқпары, ағаш ожау, жарға ұстайтын тақтайша, күмістен және жезден  жасалған зергерлік бұйымдар коллекциясы, киіктің мүйізі, еңбек құралдары қойылып, көрермендерге кеңінен насихатталды.

Шараға ҚР Мәдениет саласының үздігі Серік Мұхамбетов, ҚР Мәдениет қайраткері, Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртісі Қайыржан Махмудов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет, қатынасып, шебердің өнер жолындағы еңбектері мен тағылымды ғұмыры хақында, жылы ықыластарын білдірді. Өнер өрінде өз өрнегі бар тума талант, А.Молдашұлының өмірі мен өнерінен сыр шертетін «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Шара барысында Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің ІІ-курс студенті Жанарым Ермұханованың «Жігіттерге өсиет» атты халық термесі мен мұражай қызметкері Ерлан Тілекқабыловтың Арыстанбек ағаға шығарған өлеңдері келген көрермендерді зор әсерге бөледі.

Шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің және Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжінің студенттері қатынасты.

Осындай кештің ұйымдастырылуы, әсіресе, жастар үшін тағылымы мол, алар ғибраты көп болды.

 

Самал ҚАЗИХАНҚЫЗЫ,

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының

 бөлім меңгерушісі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*