«ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ ДЕ БАР ТАЛАСЫ…»

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл шараны белгілі журналист, өлкетанушы Өтепберген Әлімгерей ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш шараны ашқан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Алтынбек Нысанғалиев қаламгер досы туралы сырымен бөлісіп, басқарма атынан ескерткіш сыйлығын ұсынды.

Қырық жылға жуық баспасөз саласында қызмет атқарып келе жатқан әріптесімізді «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов құттықтап, оның өз мамандығына адалдығы, кәсіби біліктілігі, адамгершілігі жөнінде ой қозғап, жас журналистерге тәлім берудегі қырларына тоқталды, ұжым атынан сый-сияпаттарын көрсетті.

Бұдан кейін көпшіліктің қошеметтеуімен «Көкжиекке қараймын қырға барып…» жыр жинағының тұсаукесер рәсімін Қазақстанның Құрметті журналистері Исатай Балмағамбетов пен Төлеген Жаңабай жасап, шығармашылық табыс тіледі. Жаңа кітаптың мазмұны мен көркемдігі хақында облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Ермек Биғалиев шолу жасады. Сондай-ақ, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының шәкірттері жинаққа енген өлеңдерден үзінділерді мәнерлеп оқыды.

Шығармашылық кеште Н.Қабыловтың журналистік жолы мен адами қасиеттері жөнінде облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Әбілхан Төлеуішев, Қазақстанның Құрметті журналисі Сансызбай Базарбаев, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Өтеген Нәукиев, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Нұрым Ерғалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары Бақтыбек Таубаев, Бақыт Барсай, байырғы достары атынан Гүлнар Баймашқызы әсерлі әңгімеледі.

Тұсаукесер рәсімін ұйымдастырып, өткізуге атсалысқандарға ризашылығын білдірген Нұрлан Достанұлы жыр жинағының он данасын Ғ.Сланов атындағы облыстық  ғылыми әмбебап кітапхананың директоры Гүлжанай Қалиеваға табыстады.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*