ОЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Мұнда ертелетіп келгендердің қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Әлібек Түсібалиев ақсақал болды. Комиссия мүшелеріне келіп, дауыс беру бюллетенін алған ол кабинаға еніп, өз таңдауын жасады. Мектеп ауласына шыққан ардагерді әңгімеге тарттық.

– Тәуелсіз еліміздің болашақ тағдырына Отан үшін от кешкен майдангер ретінде мен де бейжай қарай алмаймын. Енді санаулы күннен соң бүкіл прогресшіл адамзат Ұлы Отан соғысындағы Жеңісімізді 70-ші мәрте тойламақ. Бейбіт өмірдің қадірін жастарға біз жеткізбесек, кім жеткізеді? Тоқсаннан асып кетсем де, оқу орындарына, еңбек ұжымдарына барып, аталық әңгімелерімізді айтамыз. Біз кейінгі ұрпақтарымыздың бақытты, шат-шадыман ғұмыр кешкенін қалайтын жандармыз ғой. Халқымыз өсіп, еліміз өркендей берсін. Бейбіт заман болсын. Мен өз дауысымды жарқын болашақ үшін бердім, шырақтарым» деп ағынан жарылған ақсақалдың тілегін  үлкендердің атынан айтылған бата деп қабылдадық.

Сайлау күні 70 жасқа толған осы мектептің байырғы ұстазы, талай мәрте сайлау учаскесіндегі жауапты жұмыстың басы-қасында болған Жібек Қобдағанқызы мен оның жұбайы, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина саласының ардагері Сәрсенғали Төремұратов, Елордадағы Астана университетінің  3-курс студенті Нұрасылан Асқаров пен бүгін он сегіз жасқа толып, тұңғыш рет сайлау учаскесінің табалдырығын аттаушы Нұрлан Жұмабеков үшін де ерекше есте қаларлықтай қуанышты сәт болды.

Сайлау учаскесінде дауыс берушілер тізіміне енгізілген 2155 сайлаушының алғашқы легінде түрлі ұлттардың өкілдері келіп, өздерінің Ата Заңымызда белгіленген құқықтарын еркін пайдаланып жатты. Мұнда жайдары көңілмен    келгендердің қатарында мәдениет қызметкері Алуа Исмағамбетова, жүргізуші Қайыржан Құрманғалиев пен  келіншегі Тыныштық Сәрсенова, сауда саласының ардагері Татьяна Ибрагимова, тұрғындар Елена Кузьмина, Анатолий      Лысяк, оның ұлы Александр және басқалар алғашқылардың бірі болып дауыстарын берді.

Б.Хамитұлы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*