ОЛАР – ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ МАЙДАНГЕРЛЕР

Соның дәлеліндей, таяуда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы алдында «Ақ Жайық» баспасынан жарық көрген «Жаралы жылдар, жаужүрек ұлдар» атты тарихи-деректі эсселер кітабында да майдан мен тылдың елеулі оқиғаларын мазмұнды әңгімелей отырып, ерлік істері мен ерен еңбек иелерін келер ұрпаққа үлгі етіп ұсынған.

Атап айтқанда, күй атасы Құрманғазының немересі Төлеген Құбашұлы Құрманғазиевтің Брест қамалын қорғаудағы ерлігін баяндаса, Курск шайқасына қатысушы Хамит Жаудиннің кеудесін жау оғына тосқан ерлігі, майдангер Сарбала Жанкеевтің майдандық жорықтары, жау тылына талай рет парашютпен түскен Талап Сәуменовтің көзсіз ер-лігі,«Даңқ» орденінің толық иегері Ғиззат Әліпов пен қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, басқа да майдангерлердің от кешу жорықтары әсерлі баяндалған.

Сондай-ақ, автор тыл майданында, Жеңіс жолында ерен еңбектің үлгісін танытқан жерлестері туралы да қалам тербеген.

Үш бөлімнен тұратын әсем безендірілген бұл кітапта бұрын белгісіз болып келген майдан шежіресі, құнды деректер қамтылып, майдан мен тыл ерлерінің суреттері де жарияланыпты.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*