ОФИЦЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Салтанатты шара өмірден өткен жауынгерлердің рухын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
– Біз бүгін еліміздің, Қазақстан Республикасының Қорғаныс істері тарихында елеулі із қалдырған тұлғаны еске алмақпыз. Ол Ұлы Отан соғысы жеңісіне, ҚР Қарулы Күштерінің құрылуына, сонымен қатар, елдің қорғаныс қабілеті мен әскери-патриоттық жұмыстарды нығайтуға зор үлес қосты, – деп атап өтті департамент басшысы Ардақ Кукатов.
1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған Сағадат Нұрмағамбетов ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған. Ол бейбіт кезеңде де әскер сапынан табылып, Түркістан әскери округін басқарып, Венгрия жерінде Оңтүстік әскери тобына жетекшілік етті. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың мамыр айында оның ел алдындағы еңбегін ескерген ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев С.Нұрмағамбетовке үлкен сенім артып, оны алғашқы қорғаныс министрі етіп тағайындады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сала түгелдей өзгеріске еніп, жаңартылған кезеңде Сағадат Қожахметұлының тәжірибесі мен күш-жігерінің арқасында әскери күштер қалыптасып, дами түсті. Ол ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз ықпал етіп, көптеген офицерлер мен генералдардың ұстазы атанды. Биыл 25 мамыр күні Сағадат Нұрмағамбетов торқалы 90 жасын тойлар еді. Көптің мақтанышына айналған тұлға айтулы күнге жарты жыл қалғанда өмірден өтті. Қазіргі таңда «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» төсбелгісі қызметте көзге түсіп, табысқа жеткен әскери қызметкерлерге беріледі.

Құралай ОРАЗ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*