ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

Нақты айтар болсақ, келер жылы Жарсуат, Бөдене, Құрылыс селоларының кірме жолдары мен селоішілік жолдары күрделі жөндеуден өтеді. Махамбет ауылындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысын аяқтауға да қаржы қаралған. Бір ғана Атырау қаласындағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 3 миллиард теңге бөлініп отыр.

Тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына барлығы 2 миллиард 364,6 миллион теңге қарастырылған. Осы қаржыға Құрманғазы ауданындағы 10 үйдің, үш қатарлы 60 пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, Жылыой ауданындағы үш қатарлы 60 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы бітеді, «Жас Отау» бағдарламасы үшін Атырау қаласына 989,7 миллион теңге бөлінеді деп күтілуде.

Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Махамбет ауданы селоларына жазғы су құбыры желілерінің құрылысы салынып, Тайсойған селосындағы жер асты су қорындағы бес ұңғыма іске қосылады. Тұщықұдық селосындағы ауыз су проблемалары да шешіледі деп күтілуде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*