Атырауда жаңа офтольмологиялық орталық ашылды

Жаңа консультациялық – диагностикалық көмек ғимараты 100 адамды қабылдауға арналған, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

9c10190b-b430-48f9-8571-7b0688740b9a

Аталған ғимарат құрылысы 3 жыл бұрын басталған болатын. 2008 жылы ашылған облыстық офтальмологиялық аурухананың ескі ғимараты науқастарды толық қабылдай алмайды. Сол себепті аурухана ұжымы аурухананы кеңейту ісін қолға алған.

2e5f07e0-b483-4a0c-bf2f-ef0fc42c50b5

– Облысымызда соңғы 1-2 жылда келушілер саны артты. Бұл бір жағынан мамандар қабілетінің жақсарғанын көрсетсе, бір жағынан тұрғындардың көздерінің көруі нашарлағанының дәлелі. Науқастар көбейген соң бізге жаңа емдеу бөлмелері қажет болды. Осы тұрғыда ұжыммен ақылдасып, жаңа ғимарат құрылысын 3 жыл бұрын бастаған болатынбыз. Ғимарат толықтай аурухана қаражатына салынды. Ендігі мақсат – балалар мен жасөспірімдердің көзін емдеу қабілетін жақсарту. Осы мақсатта аурухана дәрігерлері Ресей еліне барып, тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар, шет елдерден жаңа технологиялар әкелу жұмыстары жалғасуда,-дейді бас дәрігер Мұрат Құсайнов.

Жаңа ғимаратта күнделікті 100 адам қабылдайтын амбулаторлы хирургия және диагностикалық орталық жұмыс жасайды. Алдағы уақытта басшылық көз көруін қалыпқа келтіруге арналған тағы да 2 кабинет ашуды жоспарлап отыр.

Хорлан СМАДИЯР

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*