Облыс әкімі Құрманғазы ауданындағы газ құбыры құрылысының сапасын тексерді

Құрманғазы ауданына жұмыс сапарында Нұрлан Ноғаев Азғыр Азғыр өңіріне тартылып жатқан газ құбырымен танысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_1206-28-07-18-01-34

Аталған аймақтағы газ құбырының құрылысы 2017 жылы басталған, ол 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы, газ құбырының ұзындығы 365 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 274 км-ге құбыр тартылған. Ресеймен шекаралас жатқан Азғыр өңірінде 10 елді мекенде 7 мыңнан астам тұрғын бар.

– Мемлекет басшысының шекаралас аймақтарды дамыту қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес Азғыр өңіріндегі елдімекендерді газдандыру және электр желілерін жүргізу концепциясын жасадық. Қазір газдандырудың соңғы сатысы жүріп жатыр. Ендігі міндет – ауылішілік газқұбыры құрылысына, әлеуметтік нысандарға қосуға дайындық жұмыстарын бастау. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады, -деді Нұрлан Ноғаев.

IMG_1209-28-07-18-01-34

Сондай-ақ, аймақ басшысы Азғыр өңіріндегі Қошалақ, Үштаған, Асан, Азғыр, Балқұдық әлеуметтік нысандарды аралап, Ресей Федерациясымен шекарадағы “Балқұдық” рұқсат беру бөлімшесінің жұмысымен танысты. Шалғайдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Айта кетейік, 2016 жылы Нұрлан Ноғаев Атырау облысындағы 7 ауданды және барлық 72 селолық округке барып, қарамағындағыларға елдімекендерді дамытуға қатысты 223 тапсырма берген еді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*