Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Исатай ауданына барды (ФОТО)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Исатай ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы бірнеше елді мекенде  болып, әлеуметтік, өндірістік нысандардың құрылысымен және жұмысымен танысты.

IMG-20180203-WA0008

2017  жылы ауданда әлеуметтік, кәсіпкерлік салаларда ірі жобалар бастау алды. Жақында Каспий теңізінің жағасында 500 орындық балалар ойын-сауықтыру лагері салынады. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Себебі, Исатай ауданы теңіз жағасында орналасқандықтан, аймақтың туристік тартымдылығын көтерудің маңызы зор.

IMG-20180203-WA0010

Ауданда ауыз сумен қамту мәселесі де шешіліп жатыр. Нұрлан Ноғаев Жасқайрат,  Қызыл үй елді мекендеріндегі су құбыры  құрылысын тексерді. Жасқайратқа су  биыл наурыз айында, Қызыл үйге қарашада беріледі.

IMG-20180203-WA0006

Жанбай ауылында аймақ басшысы  полиция бөлімшесінің,  мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Балық өнімдерін шығаратын цехқа барды. Мұнда балық аулаудан бастап дайын өнім шығаруға дейін өндірістің толық кезеңін іске қосу жоспарлануда. Қазір жабдықтар орнатылып жатыр, өндіріс алдағы сәуір айында жұмысын бастайды.

«Біз балықтың барлық түрінің етін, тартылған етті, кептірілген,  қақталған балықты шығаруды жоспарлап отырмыз. Мұнда жергілікті тұрғындардан 80  адам жұмыспен қамтылады. Алға қарай өнімдерімізді Еуропаға экспортқа шығару жоспарда бар»,-дейді цех директоры Абдолхасан Ұғыбай.

Облыс әкімі осындай өндірістерді ашу аймақ экономикасының өсуіне оң ықпал ететінін айтып, кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетініне тоқталды.

IMG-20180203-WA0003

IMG-20180203-WA0004

IMG-20180203-WA0011

Аққыстау селосында облыс әкімі дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысымен танысты. Нысан биыл сәуір айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Осындай спорт кешендері төрт ауылда салынады,  ЖСҚ дайындалып жатыр.

Нұрлан Ноғаев ауысымына 400 келі макарон өнімдерін шығаратын цехқа да барды.

«Бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша осы істі қолға алдық. Алғашында екі түрлі макарон өнімін шығардық, қазір жетіге жетті. Аудан тұрғындарынан өнімімізге сұраныс бар. Бағасы да қолжетімді»,-дейді цех директоры Зайыпхан Наурызбаева.

IMG-20180203-WA0002

Содан соң, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ақпан айында пайдалануға берілетін,  ауыл  тұрғындары үшін аса қажетті Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысының жай-күйімен танысты.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*