Ноғаев Конституциямыздың авторы барша қазақстандықтар екендігін жеткізді

– 22 жыл бұрын қабылданған Конституцияның авторы – қазақстандықтар. Дала заңдарына негізделген маңызды құжатта адам құқығы толығымен қамтылған. Халықаралық аренада орны бөлек еліміздің өркендеуі ата заңнан бастау алады. Конституция дер кезінде қабылданған заң екенін дәлелдеді. Қазір елде қоғамдық-саяси аxуал тұрақты. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан айшықты орын алған мемлекет, – деп атап өтті бүгін Махамбет атындағы қазақ драма театрында өтіп жатқан салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

ЕАС 319

Айта кетелік, қазір Атырауда Ата заң күніне арналған салтанатты жиын өтуде. Аймақ басшысы, сондай-ақ, болашақ кілті жастар қолында екенін айта отырып, олардың білім алуына барлық жағдай жасалып жатқанын да мысалға келтірді.

Айбөпе САБЫРОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*