Ноғаев Атырау облысын Ресейден 100 пайыз тәуелсіз қылатынын айтты

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беруде деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

pogudx2sqtc1d1hj9g.59747c3e

Әкімнің есебін тыңдауға Мәдениет және спорт министрі арнайы келген.

 Халықпен кездесу барысында Нұрлан Ноғаев Ресейден қайтарылып алынған Тайсойған полигонын қалай пайдаланатынын айтты. Әкімнің айтуынша, әскери полигон жерінің бір бөлігі мал шаруашылығына қолайлы. Сол себепті мұнда ауыл шаруашылығымен айналысу мәселесі көптен бері көтеріліп келеді.

Бұдан бөлек, полигон жерінің астында мұнайдың көп екені белгілі болды. Бұл туралы бүгін, 22 ақпанда өтіп жатқан Атырау облысы әкімінің халық алдында есеп беру жиынында айтылды.

“Ресей Федерациясы жалға алған 749,6 мың гектар «Тайсойған» полигоны жерінің 125 мың гектары полигон аумағында қалдырылып, 624,6 мың гектары Қызылқоға ауданының жер қорына қайтарылуда”, – деді Ноғаев.

Ол бұл жерде толық әрі сапалы экологиялық зерттеудің жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кетелік, жерді қайтару Қазақстан аумағында орналасқан Ресейдің 929-ыншы мемлекеттік ұшу-сынау орталығының нысандарын пайдалану жөніндегі екі ел арасындағы келісімге өзгеріс енгізу туралы екі ел арасындағы келісім аясында өтіп жатыр.

Ноғаевтың айтуынша, Атырау облысы көрші елден энергетикалық тұрғыдан 99,3 пайызға тәуелсіз. Өңір өзіне қажетті энергияның 0,7 пайызын Ресей Федерациясынан сатып алып отыр. Облыс әкімі бұл тәуелділіктен құтылып, толық энергетикалық дербестікке жету үшін шекара маңында жатқан ауылдарға тоқ тартуды қолға алған.

210 шақырым электр желісін тарту үшін жобалау-сметалық құжаттама жасауға конкурс жарияланды. Желі тартылғанда облыс 100 пайыз отандық электр энергиясымен қамтылады”, – деді аймақ басшысы.

Әкімдіктің берген ақпараты бойынша, облыстағы электр энергиясын өндіру көлемі қазір 1284 мегаватт. Күндік тұтыну көлемі 260-280 мегаватт болса, кейде бұл көрсеткіш 300-ге жетіп жатады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*