НКОК Каспийдегі жаңа кен орындарын өңдеуге кіріседі

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын өңдеуге кіріседі.

«Каспийдің қазақстандық бөлігінде орналасқан Қаламқас-теңіз кен орны 2002 жылы ашылды. Ол Қашағаннан оңтүстік-батысқа қарай 120 шақырым қашықта Хазар кен орнына өте жақын орналасқан. Қаламқас-теңізі мен Хазар кен орындарының мұнай қоры 70 миллион тоннаны құрайды», – деп хабарлады НКОК-тың денсаулық, еңбек, қоршаған орта және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі директоры Ермек Марабаев.

35 ұңғыманы бұрғылау 2030 жылы басталмақ. Еске салайық, Қаламқас-теңізінің перспективасы 90-жылдары сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған еді. Мұнайдың геологиялық қоры 284,5 млн тоннаны, шығару қоры – 50,7 млн тоннаны құрап отыр.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *